Бағдарламалық жасақтама осалдықтары туралы ақпаратты қарау

Клиент құрылғыларында табылған осалдықтар тізімін көру үшін:

Консоль ағашында, КеңейтілгенБағдарламаларды басқару қалтасында Бағдарламалық жасақтама осалдықтары салынған қалтасын таңдаңыз.

Басқарылатын құрылғыларда табылған бағдарламалардағы осалдықтар тізімі бар бет көрсетіледі.

Таңдалған осалдық туралы ақпарат алу үшін:

Осалдықтың контекстік мәзірінен Сипаттар тармағын таңдаңыз.

Осалдық сипаттары терезесі ашылып, онда келесі ақпарат көрсетіледі:

Барлық анықталған осалдықтар туралы есепті қарау үшін:

Бағдарламалық жасақтама осалдықтары қалтасында Осалдықтар туралы есепті көру сілтемесінен өтіңіз.

Құрылғыларда орнатылған бағдарламалардағы осалдықтар туралы есеп жасалады. Есепті Есептер қойыншасында қажетті Басқару серверінің аты бар түйінде көруге болады.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Үшінші тарап бағдарламаларындағы осалдықтарды анықтау және түзету

Басына оралу